Жас ғалымның жетістігі

0
1135

Жас ғалым Нұржігіт Смайловтың кәсіби мансабы – теория мен практиканың сәтті үйлесімінің жарқын үлгісі. Философия докторы (PhD) және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының профессоры бола отырып, ол білім алған өз альма-матерін мақтанышпен таныстырады.

Нұржігіт талшықты-оптикалық датчиктерді белсенді түрде әзірлеуде, олар ғарыштық және жердегі инфрақұрылымда кеңінен қолданыс табуда. Оның ғылыми еңбектері Scopus сияқты жетекші халықаралық журналдарда жарияланады, бұл оның зерттеулерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бүгінгі таңда ол 100 ғылыми еңбектің, соның ішінде мақалалар, халықаралық және республикалық конференцияларда жасалған баяндамалар мен өнертабыстарға арналған патенттердің авторы, бұл оның телекоммуникация саласындағы ғылымның дамуына қосқан үлесін айқындайды. Алайда, Нұржігіттің жетістіктері тек жеке табыстарымен шектелмейді. Ол жаңа буын мамандарын дайындаумен белсенді айналысады, 20 магистрант пен тоғыз докторанттың ғылыми жұмысына жетекшілік етеді, сондай-ақ 50 студенттің дипломдық жұмыстарын сәтті даярлап, қорғауына көмектесті. 2 докторант сәтті қорғалды. Соңғы үш жылда Scopus индекстелетін журналдарда импакт-факторы нөлден жоғары 26 мақала, республикалық журналдарда 40 мақала және магистранттар мен докторанттармен бірлесіп, халықаралық конференциялар жинақтарында 34 мақала жариялады. 3 оқулық, 1 оқу құралы және 1 монографияның авторы.

2020 жылы Н.Смайлов жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетіп, ғарыштық инфрақұрылымға арналған шағын өлшемді талшықты-оптикалық қысым және температура датчиктерін әзірлеуге арналған AP08052850 «Ғарыштық инфрақұрылымға арналған шағын өлшемді оптикалық-талшықты қысым және температура датчиктерінің құрылымдары мен жасау технологияларын әзірлеу» жобасын іске қосуға мүмкіндік берді. 2023 жылдан бастап металл және бетон құрылымдарының кернеулі күйін бақылау үшін талшықты-оптикалық деформация датчиктерін зерттеу және қолдану мәселелерін қамтитын AP19679041 жаңа жобасы іске қосылды. Бұл зерттеулерге кафедраның 12 қызметкері, оның ішінде оқытушылар мен студенттер белсенді қатысып, ғылыми ізденістерде командалық жұмыстың маңыздылығын көрсетуде.

Сонымен қатар, жас ғалымға «Қауымдастырылған профессор» атағы берілді, бұл оның еліміздегі ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесін растайды. Бұл жоғары баға оның телекоммуникациялар саласындағы кәсібилігін және жетістіктерін айқындайды. Нұржігіт республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конкурстар мен конференцияларға белсенді қатысып, өзінің ғылыми идеялары мен зерттеулерін кеңінен насихаттауда.

Жас ғалымның оқытушылық қызметі студенттер арасында оң пікірлерге ие, олар оның жауапкершілігі мен теориялық және практикалық білімдерінің жоғары деңгейін атап өтеді.

Нұржігіт Смайловтың табыс тарихы телекоммуникация саласындағы зерттеулердің технологиялар мен инновациялардың дамуына қалай ықпал ететінін көрсетеді, бұл әртүрлі салаларда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Оның жетістіктері жаңа буын ғалымдарын шабыттандырады, мемлекеттің қолдауы мен жеке бастамашылықтың арқасында ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдейді.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here