Елтаңбаға құрмет немесе әкімшілік айыппұл

0
135

ҚР Мемлекеттік рәміздің бірі болып саналатын жаңа ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастап өзгерді.

Арнайы ұлттық стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның өлшемі бекітіліп, түсі алтынға боялды. Оған басты себеп бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның түсі, тіптен көлемі әр түрлі болып келген. Жалпы жаңадан бекітілген ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа нұсқасы 2017 жылдың шілде айына дейін ауыстырылып бітуі тиіс.

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар» заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды. Осылайша, «Қазақстан» сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасында жазылатын болды – «QAZAQSTAN».

Дегенмен, сегіз жылдан кейін, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ғимаратының алдында ілініп тұрған ҚР Мемлекеттік Елтаңбасындағы  «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы латынға ресми түрде ауыстырылмаған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 24-тараудың 418-бабында 1-1 тармақшасының  ҚР Мемлекеттік Туын және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын ҚР-ның Мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып, пайдалану (орнату, орналастыру) бойынша  лауазымды адамдарға 10 АЕК-пен 43 250 теңгеге әкімшілік айыппұлға ілінеді.

Бүгінгі уақытта, облыстық Ішкі саясат басқармасына және облыстық прокуратураға шағым түсіріліп, әкімшілік жауапкершілігіне тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Руслан ХАМЗА,
Мемлекетттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры,
Атырау қаласы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here