Моңғолия Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталды

0
119
Фото: Ақорда

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын қыран» орденімен марапатталды. Бұл туралы Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

– Бүгін мен Моңғолия Президенті, қадірлі Хурэлсүх мырзаны екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қазақ-моңғол сан қырлы байланыстарын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын қыран» орденімен марапаттадым. Бұл мызғымас бауырластығымыздың, халықтарымыздың келешегі жолындағы ортақ ұмтылысымыздың жарқын белгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here