Ескі 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі аяқталады

0
41
Фото: ekaraganda.kz

Маусым айында ескі үлгідегі 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың параллель айналым мерзімі аяқталады:

  • 2 000 теңгелік банкноттар – 24 маусымда;
  • 10 000 теңгелік банкноттар – 27 маусымда айналымнан шығады.

Осы мерзімнен кейін ескі банкноттар төлем құралы болуын тоқтатады, бірақ оларды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» арқылы тағы 3 жыл бойы жаңа үлгіге айырбастауға болады.

Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, 1 000 теңгелік ескі банкноттар 2027 жылдың 27 наурызына дейін айналымда болады. Сондай-ақ 2025 жылдың төртінші тоқсанында 500 теңгелік жаңа үлгідегі банкнотты шығару жоспарланса, 20 000 теңгелік жаңа банкнот 2026 жылы айналымға енгізіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here