Санаға серпін берген TopIQ платформасының маңыздылығы

0
321

Білім саласына келіп жатқан жаңалықтар мен жаңашылдықтарда аз емес. Соның бірі әрі бірегейі ретінде «Алматы кітап баспасы» ұсынып отырған, заманауи кітапхана – «TopIQ – цифрлық оқулықтар» платформасының білім беру үрдісіндегі айрықша орнын тілге тиек етпекпін.

Оқушылардың кітап оқуға деген құлшынысын арттырып қана қоймай, бәскелестік арқылы рухани толысып, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге жол ашты. Ал шынайы жағдайға қарасақ: сыныптағы оқушылар санының көптігі, мұғалім әр балаға көңіл бөліп, олардың ерекшелігін ескертуге тырысқанымен, уақыт тапшылығы айқын сезіледі. Осындай жағдайда TopIQ платформасының тиімділігі өте жоғары. Біздің мақсат – әр баланың мүмкіндігін ашу.

Кейбір жағдайда оқу сапасы төмен көрінгенімен, кей оқушылардың шығармашылық әлеуеті жоғары, осы платформада шығармашылық табыстарды анық байқауға болады.

TopIQ платформасы – білім беру ұйымдарында инновациялық оқу ортасын қалыптастыруға және оқушылардың заманауи технологиялар саласындағы құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған платформа.

Бағжан Рахимова,

Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Жетісу облысы, Алакөл ауданы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here