THE Sustainability Impact Ratings 2026: Жетісу университеті әлемдік рейтингте

0
308

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026» жаһандық рейтингіне қатысып, әлемнің 116 елінен 1646 университет арасында 1001-1500 орынды иеленді. Рейтингке жалпы қазақстандық ЖОО-нан 24 университет енді.

Рейтинг шеңберінде білім беру сапасы, гендерлік теңдік, әріптестік, лайықты еңбек және экономикалық өсу, академиялық еркіндік, қоғамдық өмірге қатысу және орнықты дамудың басқа да негізгі аспектілері сараланды.

Университет тұрақты дамудың 17 мақсаты аясында 10 позицияға ие болды:

– Кедейлікті жою бойынша 401-600;

– Индустрияландыруды, инновацияларды және инфрақұрылымды дамыту бойынша 401-600;

– Теңсіздікті қысқарту бойынша 401-600;

– Таза сумен және санитариямен қамтамасыз ету бойынша 401-600;

– Лайықты жұмыс пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша 601-800;

– Бейбітшілікті, сот төрелігін және тиімді институттарды қамтамасыз ету бойынша 601-800;

– Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша 801-1000;

– Денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету бойынша 1000+;

– Сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша 1000+;

– Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікті дамыту бойынша1001-1500.

Рейтинг аясында жүргізілген тәуелсіз сараптау нәтижелері университеттің дамуы аймақтың және жалпы елдің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерін шешуге бағытталғанын айғақтады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here