Мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестік (инфографика)

0
1033

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 1 182 жобасына шарттар жасалған. Оның ішінде республикалық деңгейде 15 жоба, жергілікті деңгейде 1 167 жоба бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының саны бойынша Түркістан облысы (178) көш бастайды, екінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 121, үшінші орында Абай облысы – 83 тұр. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысы – 75, Жамбыл облысы – 71, Қызылорда облысы – 68, Алматы – 65, Шымкент – 62 жайғасады. Атырау облысында – 58, Қарағанды облысында – 56, Алматы облысында – 55, Қостанай облысында – 49, Солтүстік Қазақстан облысында – 47, Павлодар облысында – 37, Жетісу облысында – 36, Маңғыстау облысында – 34 жоба саналады. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 22 жоба, Астанада – 20 жоба бар, ал көштің соңында Ұлытау облысы (сегіз) қалып тұр.

Мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің серіктестігі әр тараптың жеке жүзеге асыра алмайтын жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Былайынша айтқанда, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» немесе «бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Мемлекет кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетуде. Осы ретте екі тарап арасында арнайы заңнама негізінде серіктестік орнар болса, атқарылар жұмыс та, соған сай жеткен жетістік пен берер жеміс те мол болары анық. Сондай-ақ, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ең маңызды артықшылығы – бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтып, қаржылық жағдайды ұтымды үйлестіру, экономиканы тұрақтандыру. Қаржыны үнемдеп, оны келесі бір әлеуметтік жобаларға бағыттау да ұтымды болып табылады. Мұндай алпауыт күшке ие қос тараптың ынтымақтастығы – кез келген экономикалық мәселені шешудің тиімді жолы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here