Әйелдерге арналған ипотекаға өтініштер 10 мамырда қабылдана бастайды

0
727

«Отбасы банкі» «Ұмай» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді 10 мамырдан бастап қабылдайды. Биыл оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге жұмсалады. Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына қарыздың жалпы көлемінің 40 пайызынан аспайтын бөлігі, несиенің қалған 60 пайызы облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі.

Бағдарлама бойынша берілетін қарыздың ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін болады. Пайыздық мөлшерлеме биыл 14,4%-ға (ЖТСМ – 15,4% бастап) тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6% бастап) төмендетіледі.

«Отбасы банкінің» түсіндіруінше, «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ, «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз беріледі.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 мың теңгеден аспаса, ол 15 пайыздық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал, отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 мың теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20 пайыздық алғашқы жарнамен алуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here