Білім мен өнерді ұштастыра білген талантты бала

0
676

«Өнер өрге жетелейді» дейді атам қазақ.
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деп ұлы Абай бекер айтпаған. Қазіргі таңда ақпараттық ғылыми технологияның көмегімен кез келген ресурстарды қабылдау, меңгеру оңай.

Кейде адамның психологиясы өзгеріске ұшырап, көңіл-күйі болмай жатады. Ол үшін белсенді өмір салтын сақтау өте пайдалы болмақ. Өзіңді дамыту, құнарлы тамақтар тұтыну, салауатты өмір салтын сақтау, таза ауада демалу бұл қарапайым күнделікті қағидалар.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді халық даналығы. Білім алуға жұмсалған уақытың мен қаражатың орынды жұмсалғаны керек.

Еліміздің әлем мойындайтындай жетістіктері жоқ емес. Сондықтан да, әр нәрсеге талпынайық, табысты елдің ертеңі жарқын да нұрлы болмақ. Бүгінде мақалама арқау болып отырған Әлденбай Райымбек Орынбасарұлы – 2009 жылы 15 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында №253-ші орта мектепте білім алуда. Жасы небәрі 15-те, 10 сынып оқушысы.

Райымбек Әлденбай Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына 2025 жылдың 2 ауысымында демалуға келген ең талантты демалушылардың бірі болды. Жас өнер иесінің өз сөзінде: «Бұл жердегі жаңа ортамен араласып, тіл табысып кету мен үшін басында оңай болмады. Әрине, көз үйрене барлығына да үйрендік.  Керемет демалыстың зулап өтіп, бүгін үйіме қайтуыма небәрі жарты күн қалды. Қимастықпен қоштасатын сәт келді», – деп балалық қимастық сезімінде айтып қалды.

Райымбек Орынбасарұлы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қоштасу кезінде өзінің жүрек жарды, өлең жолдарын біздің орталықтың демалушыларына арнады. Сол өлең жолдарын өздеріңізге тарту етіп отырмын.

Қаңтардың қары жауып тұр,
Лагерьге жиналдым, көңілім толып тұр.
Жаңа достар, қызық күндер күтіп,
Гитараммен жырлаймын шаттық жыр.

Бір күн жолда, уақыт зулап өтуде,
Қасымдағы достарым ән салып келуде.
Жаңа орта, жаңа есімдер,
Балдәуренге келгендер өзі түсінер.

Қызылорда баласы әнін шырқап жатыр,
Өзінің әуенімен бәрін баурап жатыр.
Қызық болса, айтайын үш апталық уақытты,
«Балдәуренге» жеткен әр бала бақытты.

Келе сала жетінші отрядқа қосылдым,
Жаңа достармен тез арада жолықтым.
Қуаныш, күлкі, ұмытылмас сәттер,
Лагерьде өткен әр күнім тәттілер.

Алғашқы күнім – ерте оянып,
Таңғы жаттығудан күш алып.
Тәтті таңғы ас, шуақты күн,
Балдәурен – шаттықтың мекені тым.

Күн сайын қызық, күн сайын думан,
Жарыстар, ойындар – көңілді арман.
Жан-жақтан жиналған барша бала,
Қуаныш, шаттықтан жаралған жырдан.

Түнде бөлмемізде әсем ән шалқып,
Гитара үнімен көңілдер балқып.
Жұлдызды аспанға қарап тұрдық біз,
Балалық шақ, армандар бірге самғап.

Дони апай, әр кез жылы сөз айтады,
Шуақты күндей көңілді жайнатады.
Аман ағайдың ақылы терең, жетекші боп,
Көрсетті өмірге, бізге тура жол.

Отрядта танысқан дос, енді туған бауыр,
Бөлістік барлығын – қуаныш, сыр мен ауыр.
Қоштасу сәті келді, жүректе мұң бар сәл,
Бірақ, бұл сәттер жадымызда қалар дәл.

Достармен бірге өткізген әр күнім,
Естен кетпес, мәңгілік жарқын үнім.
Қиындықта қолдаған, қуанышта бірге болған,
Достарым – өмірімнің асыл гүлі.

Қоштасар сәттер де келіп жетіпті,
Жүрекке қимастық мұңы келіпті.
Сағынып қайта ораламын деп,
Балдәурен, мәңгілік есімде өттің!

Намат МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының
тәрбие кешенінің меңгерушісі.

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here