Ғасырға жуықтаған қарашаңырақ

0
1065

Еліміздегі жоғары білімнің ресми басталғанына бір ғасырға жуықтады. Бұл Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болатын. Бүгінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ірі ғылыми және педагогикалық білім беру орталығының құрылғанына туралы 95 жыл болды. Университет 1928 жылы сол кездегі Қазақ халық оқу ағарту комиссариатының шешімімен құрылған. Еліміздегі тұңғыш жоғары орны барша университеттердің альма матері. Университеттің алғашқы ректоры Санжар Асфендияров болып, осы университетте көп жылдар қызмет еткен қабырғасын көтеріп, күмбезін жабуға тікелей атсалысқан Ахмет Байтұрсын, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов, Темірбек Жүргенов, Әлімхан Ермеков сияқты ұлы тұлғаларды айтуға болады. Бұл университетті көп жыл Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдулиин де басқарды. 95 жылдық тарихы бар университет отандық педагогиканың дамуына тың серпін беріп, 200 мыңға жуық педагог және 4 мыңнан аса ғылыми кадрды қанаттандырды.
Бүгінде білім ордасы әлемнің 25 мемлекетінің 138 жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыста жұмыс істейді. Әлемдік аренада Абай университеті QS World University Rankings, The Times Higher Education World University Rankings және THE Impact Rankings сияқты беделді рейтингтеріне қатысып, әлемдегі үздік университеттер қатарында жыл сайын өз позициясын көтеріп келеді. QS World University Rankings әлемдік рейтингінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша 681-690 орынды иеленіп, әлемдегі үздік 700 университтер қатарына енді. Орталық Азия аймағында 147 орынмен ТОП-200 үздік университеттер қатарында. Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа алған THE Impact Rankings рейтингінде университетіміз 601-800 позициядан көрініп, Қазақстандық университеттердің арасында көш бастап тұр.
Басында 20 ғана оқытушыдан басталған. Қазіргі таңда 5 академик 6 ғылым академиясының комитет мүшесі, 220 ғылым докторы мен PhD иегелері, 220 ғылым кандидатымен үзын саны мыңға жуық профессорлық оқытушылы құрам бар. Қазіргі таңды 16 мыңнан астам студентті оқытып жатырмыз. Ендігі басты жоспар универсиетті зерттеу университеті деңгейіне көтеру. Біз педагог мамандарды даярлаумен қатар, педагогика саласындағы жаңалықтарды осы саладағы ғылыми жеттістіктермен айналысуымыз керек. Ғылыми жұмысты жандандыру керек. Ол басты міндет осы бағыт бойынша мәселен оқытушылық құрамның оқыту жтүкемесін азайтып олардың ғылыммен зерттеумен айналысуына мүмкіндік жасауға тырысып жатырмыз. Алдағы 3 жылда жаңа формациядағы 48 мың педагог даярлауымыз керек. Бұл дәстүрлі бағдараламамен даярланатын педагогтар емес инновациялық бағдарламалар негізінде даярланып біздің университетіміздің қабырғасынан ұшып шығатын түлектер.» деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, басқарма төрағасы Болат Тілепов.
Даталы мерекеге орай 2 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Алматы қаласының прокуратурасы мен Полиция департаментінің өкілдері, дипломатиялық өкілдердің, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, университеттің түлектері, отандық және шетелдік серіктестер, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Мерекелік шарада университеттің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы деректі фильм көрсетілді. Кеште Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың өнер майталмандары, университеттің танымал түлектері және ұстаздарының, дарынды жастардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама қойылды.
«Қазақ» газетінің ұжымы отандық білімнің қара шаңырағы атанған қарт университетті төл мерекесімен құттықтайды. Әлемдегі ең ұлы мамандарды дайындайтын универсиеттің абройы арта берсін!

ИНДИРА БІРЖАНСАЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here