«Қамқоршы AMANAT» қоры қарыз жандардың табысын арттыруға көмектеседі

0
262

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Былтыр сәуір айында бастау алған жобада 100 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Жобаның екінші кезеңінде партия «Қамқоршы AMANAT» қорын құрып, аграрлық кооперативтер арқылы «Қарызсыз қоғам» түлектерінің табысын арттыруға ниетті.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, «Halyk Bank» және «Банк Центр Кредит» банктерімен тиісті меморандумға қол қойды. Өз кезегінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов партия ұсынатын барлық іс-шараларды, халықтың қарызын азайтып, табысын арттыру жөніндегі бастамаларды белсенді қолдайтынын атап өтті.

Агенттікке проблемалық несиесі бар адамдарды оңалту тетігін әзірлеу тапсырмасы берілген. Атап айтқанда, қарыз алушы 12 ай бойы кестеге сәйкес кредиттерді өтесе және оның мерзімі өткен міндеттемелері 30 күннен аспаса, Кредиттік бюро «Оңалтудан өту» мәртебесін береді деп көзделген. Осылайша, қарыз алушының жағымсыз кредиттік тарихы жабылады және уақытылы төлемдері ғана сақталады. Бұл адамдардың қалыпты шарттармен несие алуы үшін жасалған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here