Экологиялық таза көліктер паркі дамытылады

0
3266

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  экологиялық таза көліктер паркін дамытуға арналған I қазақстандық онлайн-конференция өтті. Шараны еліміздің жетекші жоғары оқу орны «Есеп» және THEA компанияларымен бірлесе ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат Қазақстанда экологиялық таза көліктерді дамытуға мүдделі тараптардың тұрақты диалогына арналған алаң құру, осы сала үшін кадрлар даярлау және нарықты дамыту мәселелерінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін сарапшылық қоғамдастық құру болып табылады.

Шарада сөз алған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры м.а. Тілекқабыл Рамазанов экологиялық таза әрі үнемді көліктер шығарудың өзектілігіне тоқталып, университет басшысы Жансейіт Түймебаевтың конференция қатысушыларына арналған құттықтауын жеткізді.

Өз хатында ректор электрлі көліктерді зерттеу және дамыту бойынша қара шаңырақта атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды.

ҚазҰУ-да электрлі көліктерді зерттеу бойынша алғашқы құзыреттілік орталығы ашылған. Орталық, ең алдымен, осы сала үшін мамандар даярлау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырады. Онда студенттер, магистранттар мен докторанттар тағылымдамадан өтіп, бизнес үшін қажетті дипломдық және қорытынды жұмыстарын орындайды.

Алдағы уақытты аталмыш орталық базасында коммерцияландырудың аса өзекті мәселелері шешімін таппақ. Мәселен: электрлі көлік батареяларын жөндеу мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің тиімді әрі қауіпсіз әдістері, зарядтау инфрақұрылымын орнату жөніндегі қызметті лицензиялау үшін біліктілік талаптарын бағалау әдістемелері және тағы басқалар.

Жиынға салалық министрліктердің, университеттер мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Шара аясында «Автомобиль нарығы» атты дөңгелек үстел өтті. Онда «Қолданылған автокөліктер нарығы», «Электрлі көліктерді Қазақстанда қалай қолжетімді етуге болады?» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Ал «Зарядтау инфрақұрылымын дамыту» секциясында зарядтау құрылғыларын өндіру және орнату, энергетика және мобильді қосымшаларды әзірлеу мәселелері кеңінен қарастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here