Тұңғыш университет қашықтан оқыту форматына көшті

0
2047

Алматы қаласының коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткеніне біраз күн болды. Мысалы, елімізде өткен тәулікте 2 077 адамнан коронавирус ПТР-тест арқылы расталса, ең көп жағдай Алматы қаласында (595) тіркелді. Яғни, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне байланысты 29 наурыздан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2021 жылғы қаулысына байланысты ағымдағы оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту форматына көшті. Содан коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға байланысты барлық сабақтар онлайн-форматта өткізіледі.

«Университет басшылығы Алматыдағы жағдайды бақылап отырады, өйткені студенттердің, оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Университет студенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда. Жатақханалардағы жағдайға келетін болсақ, университетте бес жатақхана бар. Пандемия және қажетті санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау жағдайында студенттерге жатақханалардан 814 орын бөлінді. Бірақ, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты біздің көптеген студенттер саналы түрде үйлеріне қайтуға шешім қабылдады. Қалада қалуға ниет білдірген студенттер жатақханада тұрып, онлайн оқуды жалғастырады. Оқу форматы және жатақханада тұру мәселелері бойынша білім алушылар институт басшылығына хабарласуына болады» делінген университет таратқан хабарламада.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here