АСТАНАЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ КӨМІР САТЫП АЛУ ҮШІН 40 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

0
236

Нұр-Сұлтанда 82 мыңнан астам зейнеткер, 25 мыңдай мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды.

«Елордада қарт адамдардың проблемаларына назар аударылады. Олардың материалдық жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру, қазіргі замандағы әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Илья Скуб.

1-ші қазан – Халықаралық қарттар күніне орайластырылған егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы қарт адамдарға назар аудару мен жан-жақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды.

Илья Скубтың айтуынша, Нұр-Сұлтанда Халықаралық егде адамдар күнін тойлау аясында ардагерлерді құрметтеу, сый-сыяпат көрсету және олардың мұқтаждықтарына тиісті көңіл бөлу дәстүрге айналып отыр. Қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары әртүрлі қайырымдылық акцияларын өткізуде.

«Бүгінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен 67 мың зейнеткерге 6 313 теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Барлық қалалық жолау-шылар көлігінде тегін жол жүру, сондай-ақ тегін тіс протездеу қызметтері көрсетіледі. Одан бөлек, көмір сатып алуға 40 400 теңге көлемінде әлеуметтік көмек жасалады», – дейді Илья Скуб.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here