Коронавируспен күреске бөлінген 114,8 млрд теңге қайда жұмсалады?

1
882

Бүгін, 7 шілде күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражат нақты қандай бағытта жұмсалатынын айтты.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Оның 40 млрд 58 млн теңгесі – Үкіметтің резервінен аударылып отыр.

«Осы қаражаттың 21 млрд 184 млн теңгесі – жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 млрд 30 млн теңгесі – дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 млрд теңгесі – зертханалық құрылғыларды, коронавирусты анықтайтын жүйелерді сатып алуға, 100 млн теңгесі – коронавирусты анықтайтын реагенттерді әзірлеу мен шығаруға, 13,7 млрд теңгесі – ПТР-тест әдісімен зертханалық зерттеулер қызметіне, 310 млн теңгесі – жедел жәрдем көліктеріне отандық өндірістегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, 131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалады», – деді Алексей Цой.

Министр, сонымен қатар, республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд теңгесі – медициналық, инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарда медициналық қызмет көрсетуге, 40,4 млрд теңгесі – карантин шараларын өткізуге жұмылдырылған азаматтарды ынталандыруға, 14,8 млрд теңгесі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларындағы инфекциялық ауруханалар кешенін салуға жұмсалатынын жеткізді.

1 пікір

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here