Сәуле Қасенова: «Вакцинация – инфекциялық аурудан қорғайтын мықты құрал»

0
517

«COVID-19-ға қарсы вакцина патогендік микроорганизмдерден немесе тек қана әлсіз және қауіпсіз микроорганизмнің ең ұсақ бөліктері – антигендерден тұрады. Заманауи вакциналар құрамында антигендерінің болмауымен, оларды өндіретін бағдарламасының болуымен ерекшелінеді. Оларды енгізгенде адам ағзасы антигендерді байланыстыратын және оның зиянды әрекеттеріне қарсы келетін ерекше антиденелерді шығара бастайды. Жаппай вакцинациялау тек қана вакцинация жасаған тұлғаларды ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар, бірқатар қарсы көрсеткіштерінің болуына байланысты вакцинация жасамағандарды да қорғайды. Ал, қолдануға рұқсат берілген COVID-19-ға қарсы жасалатын көптеген вакциналардың қатарына «Спутник V» вакцинасы жатады. Бұл вакцина Ресей Федерациясында тіркелген. Вакцина-кандидаттар қатарына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген «QazCovid-in» қазақстандық вакцинасы кіреді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ұйымдастыру мен жүргізудің алгоритмін әзірледі. Осыған сәйкес халықтың түрлі топтарының эпиде-миологиялық маңыздылығы ескеріле отырып вакцинация кезең-кезеңмен өткізілуде. Вакцина жасау бойынша басым топқа инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету, реанимация бөлімшелері, медициналық-санитариялық алғашқы көмек және тағы басқа ұйымдардың медицина қызметкерлері кірді. Егілетін тұлғаға вакцина жасар алдында вакцина, оның салдарынан болуы мүмкін жағымсыз құбылыстар туралы ақпарат беріледі және вакцинация жасауға ерікті ақпараттандырылған келісім немесе егуден бас тарту ресімделеді. Алдыңғы клиникалық тәжірибе қант диабеті, гипертония, семіздікке шалдыққан адамдарда COVID-19 ауыр түрінің даму қаупі бар екендігін көрсетті. Пациенттердің осы тобына COVID-19 қарсы вакцинация жасаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін дәрігердің консультациясын алу ұсынылады. Егер SARS CoV-2 коронавирусына G иммуноглобулин класының антиденелер деңгейінің жоғары болған жағдайында COVID-19 қарсы вакцинация жасауды кейінге қалдыру қажет, себебі ауырып жазылған адамның ағзасы өзі де жақсы қорғай алады. Сондай-ақ, қазіргі кезде COVID-19 жұқтырған жағдайда вакцинацияны кейінге қалдырған жөн. COVID-19 салдарынан вирусты қайталап жұқтыру мүмкіндігінің өте сирек кездесуіне байланысты жұқтырғаннан кейін 90 күн ішінде вакцинацияны осы уақытқа қалдыру қажет. Әрине, вакцина жасау инфекциялық аурулардан қорғайтын жалғыз ғана құрал емес, қолды сабынмен немесе құрамында спирті бар заттармен жиі жуу, адамдардың көп жиналған жерінде бетперде кию секілді коронавирус инфекциясының алдын алудың осындай тәсілдерін де естен шығармау керек», – деп санайды Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы Сәуле Қасенова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here