Эсседегі шеберлік пен үйлесімділік туралы курс өтті

0
1648

21-25 маусым аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жамбыл облысының білім басқармасымен ынтымақтастық аясында осы өңірдегі орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Эссе: шеберлік пен үйлесімділік» курсы өткізілді. Курсқа орта білім беру ұйымдарының 88 мұғалімі қатысты.

Курс спикері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Еділбай Оспанов болды. Еділбай Оспанов курс қатысушыларына эссе жазудың қыр-сырын жан-жақты талдап, ғылыми деңгейде түсіндірді. Курс соңында барлық қатысушы мұғалімдерге сертификат және Еділбай Оспановтың «Академиялық жазылым» еңбегі табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here