Петропавлда «Менің тұғырлы елім!» көрмесі өтті

0
442

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Менің тұғырлы елім!» көрмесі өтті.

Көрмеде әр түрлі қызмет салаларындағы мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаларды, қалыптасу және даму тарихын бейнелейтін фотоматериал ұсынылды.
Көрмеге қойылған барлық экспонаттар-қысқа мерзім ішінде өркендеп, қарқынды дамып келе жатқан Туған елге деген құрметтің бір түрі.

Көрмеде Тәуелсіздіктің негізгі кезеңдеріне ерекше назар аударылды: Президент лауазымын құру, Конституцияны қабылдау, ұлттық валютаны бекіту және т. б.

«30 жыл бұрын Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақстан кеңестік заманда Тәуелсіздігін жариялаған соңғы мемлекет болды. 1990 жылдың 24 сәуірінде КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президентінің постын бекіту және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» республикалық заңды қабылдап, Қазақ Қазақ КСР президенті қызметін бекітті. Осы күні Республиканың Жоғарғы Кеңесі көп дауыспен және Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысының баламасы негізінде Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 6 жылға сайлады.  1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі КСРО құрамындағы Қазақ КСР егемендігін жариялады», – атап өтті ұйымдастырушылар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here