Студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

0
962

Абай университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент және Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты жиында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов 1-курс студенттеріне жаңа білім жолында сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

«Студенттік өмір – адам өміріндегі өте маңызды кезең. Студенттеріміз кәсіби қалыптасуға қадам басып, өмірлік ұстанымдары мен қажеттіліктерін айқындайды. Әрі қарай даму үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады. Қамсыз болашаққа қамдану бүгіннен басталуы керек», – деп атап өтті ректор.

Дәстүрлі мереке бірінші курс студенттерінің шеруімен басталды. Үздік бірінші курс студенттерінің бірі ант қабылдап, білім кілті мен студенттік билетті алды.

Салтанатты шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Мерекелік кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ұланғасыр Ками, Akim, Марат Думан, Нұрбердиев Нұрсұлтан, Жанұзақ Елдос және Садық Бейбарыс, сондай-ақ университетіміздің дарынды жастары өз өнерімен қуантты. Студенттердің мерекесі MC Niko мен диджей Остиннің қатысуымен би кешіне ұласты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here