Талдықорғандық оқушылар Абай университетінде болды 

0
575

19 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Талдықорған қаласынан «Innoverse academy» орталығының 11-сынып оқушылары келіп, университеттің білім беру бағдарламарымен танысты.

Кездесу барысында Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов мектеп оқушыларына ақ тілегін айтып, алдағы келе жатқан ҰБТ-дан сүрінбей өтулерін тіледі.

Жаратылыстану және география институтының кәсіптік бағдар беру бойынша мамандары аға оқытушылар Ерлан Бірталаев мен Жанар Жақсыбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров мектеп оқушыларына университет ішінде экскурсия жүргізді. Оқушылар Абай университетінің музейін аралап, құнды ақпараттар алды. Сонымен қатар, арнайы конференция залында Ерлан Бірталаев мен Жанар Жақсыбаева оқушыларға университетке қалай оқуға түсуге болатындығы бойынша және жаратылыстану бағытындағы мамандықтар жайында маңызды мәліметтерді жеткізді.

Оқушылар өздерінің алған әсерімен бөлісіп, мұғалім мамандығына деген қызығушылығының артқанын білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here