Ақсу ауылында спорт кешені ел игілігіне берілді

0
1219

Бүгін Республика күні қарсаңында Ақсу ауылында заманауи тұрғыда салынған спорт кешені ел игілігіне берілді. Ақсулық азамат Сүлеймен Айдын Айқанұлының демеушлігімен, «Строй монтаж вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған нысанның жалпы құны 350 млн. теңгеге жуық.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров, Ақсу аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Жаңылысұлы, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, мекеме, бөлім басшылары, ардагер спортшылар, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.

Жаңа нысанда ауыл балаларына баскетбол, волейбол, шағын футбол, бокс, қазақша, еркін күреспен айналысуға  барлық жағдай жасалған. Қажетті спорттық жабдықтармен толық қамтылған. Кешен жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Ақсу ауылының тұрғындарының орталықта болашақ чемпиондар өсіп шығарына сенемдері мол.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here