Бағдат Мусин «Сбербанкімен» жасалған меморандумға қатысты сұрақтарға жауап берді

0
1023

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжіліс депутаттарының цифрлық платформа құру үшін Ресейдің «Сбербанкімен» жасалған меморандумға қатысты сұрақтарына жауап берді. 

Депутат Ерлан Саиров министрден «Еліміздің цифрлық платформасын әзірлеудің техникалық талабы бар ма, бұл үшін ашық байқау жариялана ма» деп сұрады. 

«Нақты айтсақ, меморандумға қол қойылды. Ол ешқандай келісімшарт емес. Техникалық негіздеме мен техникалық құжаттама даярлау үшін зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. 15 желтоқсанға дейін зерттеу аяқталғаннан кейін, техникалық құжаттамаға көшеміз. Алдағы жылғы 15 ақпанға дейін техникалық құжаттаманы дайындаймыз. Сол техникалық құжаттама негізінде техникалық әрі экономикалық негіздеме әзірленеді. Осы рәсімдер жасалмай, ешқандай келісімшарт бекітілмейді. Екіншіден, платформаға тоқталсақ, біз бүгінге дейін жалпы осы технологияларды, яғни елімізде жасалмаған платформалардың арқасында цифрландыруды жүргіздік. Бірақ, шетелдік платформаларды алып, өзіміздің қазақстандық мамандардың біліктілігімен қазіргі цифрландыру деңгейіне жеттік. Енді оны ары қарай ілгерілету үшін, проблемаларды шешу үшін жаңа платформалық модельге көшу керек екенін айтып жатырмыз. Сондықтан бұл қадамдар заңға сәйкес жүргізіледі. Осы бағытта талқылау жүріп жатыр. Осыған дейін қол қойылғаны – меморандум ғана. Неліктен біз оған қол қойдық? Өйткені, ашық кодтарды беруге ниетті қазіргі кезде тек сол платформа ғана болып тұр. Егер басқа да барлық технологиялары біріктірілген платформасы барлар болса, сондай-ақ бізге ашық кодтарды берсе, өзіміз сол ашық кодтардың арқасында сүйемелдеу жұмыстарын жүргізе алсақ, онда оларды да қарастырамыз», – деп жауап берді Бағдат Мусин.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here