Қазақстанда 8 млн адам референдумға қатысты

0
339

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткізілген республикалық референдумда 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

«Орталық референдум комиссиясы астана уақытымен сағат 22.00-де еліміздің барлық өңірінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанындағы 40 учаскеде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректері бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасы мынадай болды: Ақмола облысы – 73,81, Ақтөбе облысы – 58,06, Алматы облысы – 72,83, Атырау облысы – 67,68, Батыс Қазақстан облысы – 69,37, Жамбыл облысы – 69,59, Қарағанды облысы – 77,39, Қостанай облысы – 72,28, Қызылорда облысы – 79,89, Маңғыстау облысы – 61,19, Павлодар облысы – 75,53, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49, Түркістан облысы – 80,66, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06, Алматы қаласы – 33,30, Шымкент қаласы – 72,53 пайыз», – деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді, 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл – дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44 пайызы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here