Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм түсірді

0
580

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан ұсынылған 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 мультфильм түсірді.

«Қазақфильм» киноностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, қайта құрылды. 1967 жылы қазақ мультипликациясының негізін қалаушы, ұлы режиссер Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алған Қазақ анимациялық кино өнері еліміздің келешегі жас ұрпаққа жарты ғасырдан астам уақыт бойы толассыз қызмет етумен келеді», – деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

55 жыл ішінде отандық екі жүзден аса мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шараларды атқарып келеді. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen фестивалі бар. 

Биыл Amen фестивалiне қатысуға Әзербайжан, Грузия, Испания, Қазақстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Франция мультипликаторларынан барлығы 147 өтінім түсті, олардың 55-і іріктеуден өтті. Бұл жобаларды отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері енген қазылар алқасы iрiктедi.

Алдағы жылы қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр, яғни 100 жыл толады. Соған орай, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here