Тбилиси соты Михаил Саакашвилидің арызын қанағаттандырмады

0
514

Грузияда президент, АҚШ-та оқытушы, Украинада әкім, Нидерландта босқын болған 55 жастағы Михаил Саакашвили 2021 жылы «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Былтыр мамыр айында саясаткердің денсаулығы күрт нашарлаған. Содан бері жеке клиникада, күзет бақылауында жатыр.

Дүйсенбі күні Тбилиси соты Грузияның 2004-2013 жылдардағы президенті Михаил Саакашвилидің денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босату немесе үкімді өтеуді кейінге қалдыру туралы арызын қанағаттандырмады. Экс-президент сот шешімін «өзіне кесілген өлім жазасы» деп атаған. Бұған дейін де саясаткер «Грузия билігі өзін Сергей Магнитский сияқты өлтіргісі келетінін» мәлімдеген.

Қаңтар айының басынан бері Грузияда және тағы 20-ға жуық елде Михаил Саакашвилиді қолдауға арналған пикет өткен. Шерушілер саясаткерді босатып, оның Еуропа Одағында емделуіне мүмкіндік беруді талап еткен.

Айта кетейік, Михаил Саакашвили 2003 жылғы «қызғалдақ төңкерісінің» арқасында 37 жасында билік басына келген болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here