Кәсіпкерлер қауымдастығы өңірдің дамуына үлес қосады

0
707

Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Алматы облысы ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен және жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс кеңесін өткізді.

«Dialog» сарапшылар алаңы аясындағы кездесу барысында Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары мен 2023 жылға арналған жоспары талқыланды. 

Жандар Асан өз сөзінде Қауымдастық мүшелері өңірді өркендетуге өз ықпалын тигізуі қажеттігін атап өтті. Ол Кәсіпкерлер қауымдастығының міндеті жаңадан қайта құрылған облысқа шетелдік инвестиция тартуға, жастардың start-up жобаларын қолдауға, әлеуметтік маңызы бар идеяларды дамытуға бағытталуы тиіс екендігін айтты.

«Өткен жылы ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығын трансформациялау бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Жаңа міндеттер қатарында шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және елге инвестициялар тарту үшін іскерлік байланыстарды белсенді дамыту, жастардың стартаптары мен бизнес-идеяларын іріктеу сынды басым бағыттар бар», – деді Жандар Асан.

Жиын барысында Қауымдастық төрағасы Адам Бойсаев ұйым мүшелерімен жеке таныстырып, бірқатар бастамаларды ортаға салды.

Өз кезегінде Алматы облысының кәсіпкерлері еліміздегі оң өзгерістерді қолдап, қай салада да белсенділік көрсететіндіктерін айтты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here