ҚазҰУ Петербор университетімен меморандумға қол қойды

0
577

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Петербор мемлекеттік экономикалық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Петербор мемлекеттік университетінің ректоры Игорь Максимцевпен ресми кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жұмыстар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Өз сөзінде Игорь Максимцев Ресейдің RAEX-100 үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде 37-орынды иеленетін Петербор университетінің жетістіктеріне тоқталды. Университетте 12 факультет, 32 ғылыми мектеп, 11 диссертациялық кеңес, 8 ғылыми-зерттеу орталығы, 10 зертхана жұмыс істейді. ЖОО Ресей Білім және ғылым министрлігі жанындағы ЖАК тізіміне енгізілген жеті ғылыми рецензияланған журналдың құрылтайшысы болып табылады.

ҚазҰУ басшысы өз сөзінде ресейлік әріптестерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылымды дамыту бағытында іске асырылып отырған жобалармен таныстырды. Ректор Ресейдің жоғары оқу орындарымен ғылым және жоғары білім саласындағы ҚазҰУ-дың ынтымақтастығы артып келе жатқанын атап өтіп, Петербор университетімен әріптестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Жүздесу соңында академиялық ұтқырлық бағдарламалары, қос диплом және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here