Ақылбек Күрішбаев – ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті

1
1215

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОСА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Ең алдымен, бұл Ақылбек Қажығұлұлының отандық ғылым мен білім саласының көрнекті өкілі, ірі ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде сіңірген еңбегінің бағалануы.

Біз құрамында ғалымдардың ең озық өкілдері топтасқан республикалық ғылыми бірлестіктің Вице-президенті лауазымында А.Қ.Күрішбаев өзінің бай тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеттерін еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға, ғылым мен білімді жаңғыртуға арнайды деп сенеміз.

Мемлекет басшысының жоғары сеніміне ие болған Ақылбек Қажығұлұлын шын жүректен құттықтай отырып, оған алдағы уақытта да шығармашылық өрлеу және аграрлық ғылымды дамытуда жаңа табыстар тілейміз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

1 пікір

  1. […] Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев негізгі қызметімен қоса Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақ ұлттық ашрарлық зерттеу университетінің баспасөз қызметі.  […]

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here