Дуальды білім беру жүйесі бойынша сертификатталған тренинг өтіп жатыр

0
807

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Erasmus+ бағдарламасының «KazDual Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында 12-22 мамыр күндері дуальды білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, колледждердің, серіктес мектептер тәлімгерлерінің, серіктес ұйымдардың профессор-оқытушылар құрамы үшін «Педагог кадрларды кәсіби даярлаудағы дуальды оқыту», «Дуальды бағдарламаларды жобалау және әзірлеу», «Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу», «Инновациялық білім беру технологиялары» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

12 мамырда Қазақстанда дуальды білім беру жүйесі бойынша сертификатталған тренинг басталды. Тренингте Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараны ашты.

Зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев тренинг тыңдаушыларын KazDual жобасының спикерлерімен, тренинг бағдарламасымен таныстырды.

KazDual жобасының ұлттық және институционалдық үйлестірушісі, университет постдокторанты Баян Сапаргалиева жобаға қатысу тәжірибесі, жобаның барысы мен іске асырылуы туралы айтып берді.

Біліктілікті арттыру курсы 6 модульден тұрады. 10 күн ішінде Абай университетінің, Нархоз университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 125 тыңдаушысы, қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамына, жобаның серіктестері – Жаңа буын мектебі – NGS, Алматы қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, №15 мектеп-лицейі өкілдері гибридті форматта – офлайн және онлайн біліктілікті арттыру курстарын өтеді.

Іс-шараның бірінші күні «Дуальды оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері» таныстырылды, Сапарғалиева Б.О. «Дуальды оқытуды енгізудің үздік әлемдік тәжірибесі», «Қазақстандағы дуальді білім беруге жалпы шолу» тақырыптары бойынша баяндамасын ұсынып, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А. Қазақстандағы дуальды білім берудің құқықтық негіздеріне шолу жасады. Тыңдаушыларға тренингтің интерактивті бөлігінде пайдалануға болатын KazDual обсерваториясы таныстырылды.

Тренинг аяқталғаннан кейін толық курсты тыңдаған және тапсырмаларды орындаған тыңдаушыларға 72 сағат көлемінде халықаралық үлгідегі сертификаттар табыс етіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here