Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күшейтілген жауапкершілік / инфографика /

0
1999

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына соңғы Жолдауында құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет екенін шегелеп тапсырды. Себебі, бұған қатысты статистика да жаға ұстатады. Мысалы, өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға 120 мыңнан астам адамнан шағым түссе, соның жартысынан көбі арыз жазудан бас тартқан. Сотқа жолданған 52 мыңнан астам істің 30 мыңға жуығы тараптардың татуласуымен тоқтатылған. Өкінішке қарай, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан 327 адам мүгедек болды, 99 адам қаза тапты. Тирандардың қолынан зардап шеккендердің 95 пайызын әйелдер құрайды. Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Елімізде 19 мамыр күні «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс алдағы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күшейтілген заңға тоқталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here