Сенатор ақтөбеліктерді алаңдатқан мәселелерге назар аударды

0
1749

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысына сапары барысында облыстық мәслихаттың төрағасымен, Ақтөбе қаласының және облыстың әкімдерімен кездесті. Кездесу кезінде өңірдегі өзекті мәселелер және әлеуметтік-экономикалық ахуал, сондай-ақ, облыс бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп талқыланды.

Депутат Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар сенатор Ақтөбе қаласының қысқы жылыту маусымына дайындық барысымен, Қандыағаш ауданындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және аудандық аурухананың жұмысымен танысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here