Abai University 2023 жылғы ғылыми жетістіктері: талдау және болашаққа бағдар

0
315

2023 жыл Abai University үшін айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Осы кезеңде біздің ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында белсенді жұмыс атқарып, жаңа стандарттар белгіленіп, күткен нәтижелер артығымен орындалды.

ҚР ЖОО профессор-оқытушылар құрамы бас рейтингінің (НААР) Топ-50 тізіміне Abai University 5 профессоры енді, олар: В.Н.Косов, Е.Ә.Бөрібаев, Ж.А.Хамзина, А.С.Бердышев, А.К.Жармағанбетова, сондай-ақ 1 жас ғалымымыз Е.Тілеуберді.
Abai University Н.Келімбетов атындағы Түркология орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары Шерубай Құрманбайұлы, Жансейіт Түймебаев, Байынкөл Қалиев және Сабира Исакова гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін берілетін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды.

Біздің ЖОО-ның үш ғалымы PhD Қымбат Бекенаева, PhD Думан Әлиасқаров және профессор Болат Жұмағұлов «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» атағына ие болды.
Сондай-ақ, университеттің 20 ғалымы Болашақ бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында шетелдегі жетекші университеттер мен ғылыми-өндірістік орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту бойынша грант иегерлері атанды.

Осы жылы профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері Scopus (211) және Web of Science (100) индекстелген шетелдік журналдарда 300-ден астам ғылыми мақала жариялады. Айта кету керек, Q1, Q2 жоғары рейтингті журналдардағы басылымдардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті.

2023 жылы Abai University республикалық бюджеттен 61 ғылыми-зерттеу жобасы табысты іске асырылуда, оның ішінде ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырудың 56 ғылыми-зерттеу жобасы, бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың 4 жобасы және коммерцияландырудың 1 жобасы. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 74%-ға өсті, өйткені 2022 жылы жобалар саны 35 болған. Жобалардың негізгі бағыттары «Білім және ғылым» және «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» болып табылады.

Университет әрдайым профессор-оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдап, олардың болашақ идеяларын дамытуға өз бюджетінен қаражат бөледі. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, профессор-оқытушылар және қызметкерлер үшін ішкі гранттар конкурстар өткізіледі. Сонымен қатар, Abai University елімізде алғашқылардың бірі болып постдокторантура бағдарламасын енгізді, қазіргі таңда оның қатысушыларының саны – 28 адам. 2023 жылы Abai University постдокторанттардың екінші легі ретінде – 7 талантты жас ғалымды шығарды.

Сонымен қатар Abai University ДААД, «Ашық Азия» қоры, «Erasmus+» т.б. сияқты шетелдік ұйымдар қаржыландыратын жобаларды да іске асырылуда, бұл бағдарламалар білім алушылар үшін білім мен мәдени алмасудың жаңа көкжиегін кеңейтуде.

Қазір университетте 9 ғылыми-зерттеу зертханасы мен студенттерді ғылымның қызықты әлеміне тартатын STEM-парк жұмыс істейтінін атап өткіміз келеді.
Абай университетінің 2023 жылғы жетістіктері ұжымның күшін, таланттардың бірлігін және озық білім алуға деген ұмтылысын көрсетті. Болашақта Abai University дамуының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі педагогикалық зерттеу университеті мәртебесін алу болып табылады, сол жолда, осы бағытта батыл қадамдар жасай берудеміз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here