Абай университетінің 10 үздік талантты жас ғалымы

0
235

Ғылым әлемінде жұлдызы жарқыраған жандар әрқашан болған. Бүгін біз сіздерге университетіміздің осындай жарқыраған үздік 10 жас ғалымдарын ұсынамыз, олардың зерттеулері мен таланттары өз салаларына айтарлықтай үлес қосты.

1. Тілеуберді Ербол – постдокторант, PhD, қауымдастырылған профессор. Осы жылы жас ғалым ҚР Профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің (АРТА) ТОП-50-іне кірді. Индекс Хирша – 7.  2023-2025 жылдарға арналған AP19175900 «Жанғыш пайдалы қазбалардан сұйық отын алу және осы процестің қалдықтарын қайта пайдалану» тақырыбында ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын «Жас ғалым» жобасының жетекшісі. 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 34 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 39 мақала, 3 оқу құралы, 2 монография, технология бойынша 1 ұсыныс бар. 12 патент авторы. Ғылыми зерттеулер саласы: ауыр және дәстүрлі емес көмірсутек шикізатын, мұнай қалдықтарын өңдеу, тотықтырғыш және модификацияланған битумдарды алу, битумдар мен асфальтендердің құрылымын зерттеу, құрамында күкірті бар қалдықтарды кәдеге жарату және модификациялау, жалынсыз жылытқыштар алу.

 

2. Байшемиров Жарасбек Дүйсембекұлы – постдокторант, PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры. Осы жылы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияны жеңіп алды. Индекс Хирша – 6. АР09058677 «Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері үшін шеткі есептердің дұрыстығын зерттеу» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын жас ғалымдарға арналған ғылыми жобаның жетекшісі. 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 20 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 20 мақала. Ғылыми зерттеу саласы: математика, математикалық және компьютерлік модельдеу.

 

3. Сейілхан Айнұр Сейілханқызы – Абай университетінің постдокторы, PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы ҚазҰПУ кафедрасының доценті. Осы жылы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды, Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторантура бағдарламасын аяқтады. Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Индекс Хиршасы 7. 80-нен астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 16 Scopus басылымының және ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 15 мақаланың, 1 авторлық монографияның авторы. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын AP19178093 «Қазақстандық университеттерде Жасыл Университет тұжырымдамасын тиімді енгізу жолдары» атты ғылыми жобаның жетекшісі. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басымдығы бойынша ҚР ҰҒК мүшесі.

  1. Лайсханов Шахислам – постдокторант, PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, 2023 жылғы постдокторантура бағдарламасының түлегі. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының (2022 ж.) және талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия (2022 ж.) иегері. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2 жобаның жетекшісі. Индекс Хиршасы 4. 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 11 Scopus мақаласы, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 15 жарияланым, 1 монография, 1 электронды оқулық, мектепке арналған 1 атлас және жоғары оқу орындарына арналған 2 оқу құралы. Университеттің жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы. Ғылыми қызығушылық саласы: ландшафттарды картаға түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациясы және шөлейттенуі.
  2. Үсенов Нұрбол Еркешұлы – постдокторант, PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессор м.а. Индекс Хиршасы 3. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын АР13067931 «Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда цифрлық геоақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін әзірлеу (жоғары сыныптар мысалында)» тақырыбындағы ғылыми жобаның жетекшісі, оның шеңберінде еліміздің орта мектептерінің география мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары өткізіледі. 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus және WoS базаларына кіретін журналдардағы 10 мақала, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 15 жарияланым, 1 монография, ЖОО-ға арналған 3 оқулық, мектептерге арналған 1 оқулық, 3 авторлық куәлік, нәтижелерді енгізудің 1 актісі. Ғылыми қызығушылық саласы: география, тұрақты даму мақсаттары, географияны оқыту әдістемесі. Университеттің жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.
  3. Шакирова Нуржанат Далелқызы – постдокторант, PhD, аға оқытушы. «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбындағы ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобасының жетекшісі. ЮНЕСКО қаржыландыратын «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» халықаралық жобасының орындаушысы. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасында 3 мақала, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 10 жарияланым, 1 монография, екі тілде 11 сыныпқа арналған география оқулықтарына 2 әдістемелік нұсқаулық. Индекс Хиршасы 1. Ғылыми зерттеулер саласы: тұрақты дамуға арналған білім, географияны оқыту әдістемесі, климаттың өзгеруін оқыту.
  4. Алиасқаров Думан Тоқтарұлы – «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, PhD. Осы жас ғалым «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» иегері атанды. Индекс Хиршасы 3. «Жамбыл облысының шағын қалаларын тұрақты дамытудың тиімді модельдерінің тұжырымдамалық негізін құру» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобасының жетекшісі. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 7 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 12 мақала, 1 оқу құралы, 2 монография, 1 авторлық куәлік, 3 енгізу актісі. Ғылыми зерттеулер саласы: қалалардың географиясы, урбанизация, жаһандану, тұрақты даму мақсаттары, географияны оқыту әдістемесі.
  5. Рысхан Айнұр Рысханқызы – PhD, математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері (2022 ж.). AP14972818 «Жоғары ретті математикалық физиканың классикалық емес теңдеулерінің іргелі шешімдерін құру әдістерін әзірлеу» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының жетекшісі. Индекс Хиршасы 3. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 9 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 7 мақала бар. Ғылыми қызығушылықтар саласы: жартылай дифференциалдық теңдеулер, гипергеометриялық функциялар, математикалық физиканың шеткі есептері.
  6. Сабирова Дина Алтайқызы – постдокорнат, PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессорының м.а., 2022 жылғы постдокторантура бағдарламасының түлегі. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері (2022 ж.). Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. АР13067661 «Қазақстанның интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын жас ғалымдарға арналған жобасының жетекшісі. Джордж Вашингтон университетінің Abai Centre сайтында жарияланған ағылшын тіліндегі «The Stories of Modern Kazakh Prose» подкастының авторы. Индекс Хиршасы 2. 75-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 7 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 25 мақала, мектептерге арналған 6 оқулық, 2 монография. Ғылыми қызығушылық саласы: замануи проза, әдебиеттану.
  7. Садирбекова Динара – постдокторант, PhD. АР19680443 «Қазіргі ЖОО-ның білім беру ортасын гибридті модельдеу» атты ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2023-2025 жж. арналған жобасының жетекшісі. Университеттің «Студенттердің оқу және зерттеу қызметін цифрлық білім беру ортасында интеграциялау» тақырыбы бойынша ішкі ғылыми жобасының жетекшісі. Педагогикалық инноватика мәселелері бойынша 30-дан астам ғылыми мақалалар мен жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 оқу-әдістемелік құрал, сондай-ақ 2 авторлық куәлік, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 10 мақала. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары Web of Science (Хирш индексі h=3) және Scopus (индекс Хиршасы h=2) ғылыми-метрикалық базаларында индекстелген 6 мақалада жарияланған.

Аталған жас ғалымдар – біздің университетіміздің мақтанышы. Олардың таланты және ғылыми белсенділігі болашақ жас ғалымдар үшін шабыт.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here