Қайғырып көңіл айтамыз!

0
629

Өмірдің өрісі бірде кеңейіп, бірде тарылған мына алмағайып уақытта қазығы берік ойларға көбірек тоқтайды екенсің. Жақсы мен жаманды айыру өз алдына, Мәңгілік дейтін дүниелік құбылыстың жұмбағы мен жаратылысын тану, бағалау қажеттігін де сезіне түсетінін сөзсіз. Әсіресе, қанша жасқа келсе де, бір мезетте асқар тау әке мен аяулы ана жаныңыздан біржола алыстап, «келместің кемесіне» мінгенде… тіптен қиын…

Армия Генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесін құрушылардың бірі, Қордың жанашыры, Тараз қаласының тұрғыны Тоққожа Сүйенішбаевтың алдымен әкесі Айдархан Сүйенішбайұлы, артынан анасы Патима Оразымбетқызы өмірден өтті. «Өмірден өтті» деп айту ауызекі жеңіл, ал жүрек түкпірінен осы сөзді шығару, сол жүрекке қаншалықты қайғы салатынын сөзбен өру мүмкін емес.

Көңілге медеу болары, артында ұрпағы қалды. Бауырымыз Тоққожа Сүйенішбаевтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Өмірден өткендеріне қырық күн толуына орай 21 қаңтарда Тараз қаласында еске алу шарасы өтеді. Айдархан ақсақал мен Патима ананың арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін!

Көңіл айтушылар: Махмұт Нәлібаев, Сапар Ысқақов, Қали Қамбаров, Дүйсехан Кемелов, т.б.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here