Ректор кадрларды қайта даярлау бағдарламасын күшейту туралы пікір білдірді

0
733

Кеше, 14 ақпанда «Сапалы білім – сапалы адами капитал» тақырыбында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, министрліктің ҒЗИ және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, мектеп мекемелерінің директорлары қатысты.

Отандық білім беру саласының басым бағыттары сөз болған алқа отырысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы – ректор Болат Тілеп те Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында еліміздегі орта білім беру саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу, жаңа формациядағы педагогикалық кадрларды даярлау, кадрларды қайта даярлау бағдарламасын күшейту, үздіксіз біліктілікті арттыру механизмдерін және PGCI бағдарламаларын іске қосу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Педагогикалық университет үшін ең басты, ең маңызды бағыт, әрине – мектеппен тікелей байланыс. Сондықтан да, қазіргі таңда біздің жұмыс педагогтарды дайындау процесінің практикаға негізделуі, оның ішінде дуальды оқыту, мектеп мұғалімдерін дипломдық жұмыстарға жетекшілік етуге тарту, шебер-педагогтарды дәріс беруге шақыру арқылы кеңеюде. Студенттердің «minor» және «микробілікіліктер» бағдарламаларын қосымша игеруіне жағдай жасалуда. Осы шаралар түлектердің тәуелсіз сертификаттаудан ойдағыдай өтуіне оң ықпал етеді деп сенеміз. Жалпы, жастардың мұғалімдікке қызығушылығын арттыру кәсіби бағдар беру жүйесін толыққанды қалыптастырумен тікелей байланысты. Сондықтан мектептермен әріптестікті нығайту шаралары жаңа тұрғыда жүзеге асуда», – деген ректор болашақ педагогтың кәсіби жауапкершілігін көтеру, білім сапасын арттыру, Абай университеті мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Педагогикалық сынып», Honors College жобаларына тоқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here