Қазақстан хоккейден 2028 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

0
149

Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) хабарлады. IIHF сайтының жазуынша, еліміздің Астана және Алматы қалалары біріншілікті қабылдауға ниет білдірген. Ресми үміткерлер тізімінде Франция да көрсетілген.

Иә, дәл қазіргі сәтте Франциядан бөлек, Қазақстан да үміткер. Әлем чемпионатының қожайыны 24 мамыр күні Латвия астанасы Рига қаласындағы жиында анықталады.

Естеріңізде сала кетейік, былтыр Қазақстан 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізу үшін Германиямен таласқан еді. Бірақ, 102   дауыспен Германия Қазақстанның алдын орап кетті.

Алдағы жылдары Әлем чемпионаты өтетін елдер:

  • 2024 жыл. Прага және Острава (Чехия);
  • 2025 жыл. Стокгольм (Швеция) және Хернинг (Дания);
  • 2026 жыл. Цюрих және Фрибург (Швейцария);
  • 2027 жыл. Мангейм және Дюссельдорф (Германия).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here