Поль Погба үлкен футболмен қоштаса ма?

0
349

Поль Погба – атақты француз футболшысы, итальяндық «Ювентус» клубының орталық жартылай қорғаушысы, 2018 жылғы Әлем чемпионы. Алдағы 15 наурызда 31 жасқа толатын футболшы 29 ақпан күні өзінің Instagram парақшасында Спорттық төрелік сотқа (CAS) шағымданатынын жазды.

Мәселенің мәнісіне тоқталсақ, былтыр 20 тамызда «Ювентус» маусымды А тобында өнер көрсетті. Поль Погба алаңға шықпады. Өйткені, оның ойыннан кейінгі допинг сынамасы оң нәтиже берді. Польда тестостерон деңгейінің жоғары болуы тіркелді. Погбаның қыркүйек айындағы нәтижесі де солай шықты. Содан 30 жастағы футболшы «тыйым салынған затты пайдалану», «тыйым салынған затты қолдануға тырысу» туралы А тобы ережелерінің 2.1 және 2.2 баптарын бұзды. Италияда допингті қолдану қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Погба онымен қоймай, допинг сынамасын қарсы тексеруді қайта сұрады. Сөйтіп, 6 қазанда футболшының екінші допинг сынамасы да оң нәтиже көрсетті. Талдау Рим зертханасында «Ювентус» заңгерлері таңдаған сарапшылардың қатысуымен өтті. Жалпы, Погба екі жылға шеттетілуі мүмкін еді, бірақ прокурорлар әдейі қолданғанын дәлелдеп, оны үлкен спорттан төрт жылға шеттетілді. Погба үлкен футболға 34 жасында оралады.

Иә, «Жығылған жұдырыққа тоймас» дегендей, шарасыз Поль Погба таяуда Спорттық төрелік сотқа (CAS) жүгінді. Соңғы сөзді CAS айтады.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here