Алматыда Медеуге қатынайтын автобустар жаңартылды

0
157

Алматыда Медеу бағытында жаңа автобустар қатынайтын болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 наурыздан бастап Теміржол вокзалы-2 мен Медеу арасында жүретін №12 бағыттағы автобустар толықтай жаңартылды. Бұл бағыт бойынша жұмыс күндері 16, демалыс күндері 20 автобус жүреді. Жаңа 12 метрлік Yutong газ автобустары заманауи жабдықтармен, соның ішінде ауаны баптау жүйелерімен, бейнебақылаумен және телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, интерьер аялдамалардың атауларын көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here