Стамбұлдағы SITE конференциясында туризмнің әлемдік көшбасшылары бас қосты

0
1100

Туризм мен саяхаттың жаһандық қауымдастығы – SITE 2024 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Стамбұлда жаһандық конференциясын ұйымдастырды. Түркияда биыл алғаш рет өткізілген конференция әлемнің түкпір-түкпірінен туристік индустрия көшбасшыларын біріктіріп, өзара пікір алмасып, саланың болашағын қалыптастырудың инновациялық жолдарын қарастырды. Бұл туралы Түркітілдес журналистер қоры хабарлады.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Түрік туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) болашақта Түркия туризмін кеңінен насихаттау мақсатында аталған саланың ең үздіктеріне ортақ алаң ұсынды.

SITE конференциясына 87 елден 2600-ден астам қатысушы келді. Елдер арасында Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ұлыбритания, Канада, Ирландия, Франция, Швейцария, Испания, Мексика, Германия, Дания, Швеция, Грекия, Аргентина, Австралия, Бельгия, Дания, Бразилия, Кайман аралдары, Қытай, Хорватия, Польша, Коста-Рика, Чехия, Египет, Иордания, Үндістан, Италия, Нидерланды, Панама, Португалия, Пуэрто-Рико, Руанда, Шотландия, Монако, Марокко, Оман, Сингапур, Словения, Вьетнам, Таиланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Оңтүстік Африка, Зимбабве, Эфиопия, Уганда және Танзания бар. SITE жаһандық конференциясына қатысушылар желіге қосылу, тиімді байланыстар орнату және жаңа мүмкіндіктерді қарастыруды мақсат етті.

Конференция барысында 500-ге жуық сала маманы жасанды интеллект (AI) пен мақсатты маркетингке ерекше назар аудара отырып, саяхаттың болашағын жоспарлауда технологиядағы соңғы трендтерді дұрыс қолдануды үйренді. Үш күнге созылған іс-шарада қатысушыларға саяхатты ынталандыратын сарапшылармен байланыс орнатуға, салалық әріптестермен идея алмасуға мүмкіндік берілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here