Француз  делегациясы – Абай университетінде

0
731

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Пуатье университетінің (Франция) делегациясы ресми сапармен келді.

Абай университетінің проректорлары Бану Нарбекова мен Айгүл Искакова шетелдік әріптес-университет өкілдерімен кездесу барысында, екі жоғарғы оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын талқылады. Тараптар «Француз тілі мұғалімі» жаңа қос дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан Француз тілінің дидактикалық орталығын ашу ниеті де айтылды.

Француз делегациясының іссапары барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының алаңында екі халықаралық дөңгелек үстел өтті: «Францияның ювеналды әділет тәжірибесі» және «Инклюзивті университет: Қазақстан мен Францияның тәжірибесі». Өткен кездесулер әділет және инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ете отырып, қазақстандық және француз мамандары арасында тәжірибе алмасу мен ғылыми-диалогқа мүмкіндік берді.

Пуатье университеті Францияның жетекші университеттерінің бірі. Делегация өкілдері серіктестік байланыстарды нығайту және қазақстандық тараппен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында келгенін баян етті.

Бұл сапар халықаралық білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, беделі жоғары екі оқу орнының өзара байланысын нығайтып, ғылым мен білім саласының жан-жақты дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here