Қазақстан мен ТМД елдеріндегі соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек

0
613

Екінші дүниежүзілік соғыста қан майдан кешкен жауынгерлердің саны саусақпен санарлық қана қалғаны белгілі. Биылғы жылдың санағы бойынша, елімізде небәрі 148 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады екен. Отан үшін от кешкен ардақтыларымызды қаншалықты қадірлеп, олардың әл-ауқатын қалай көтеріп жүрміз? Міне, біз бүгінгі мақаламызда Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек жайында айтатын боламыз.

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛДЫ?

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай дәстүрлі түрде Қазақстандаардагерлергебіржолғы материалдық көмек көрсетілді. Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігініңхабарлауынша, еліміздіңбарлықөңірлеріндеЖеңістімерекелеу құрметіне Екінші дүниежүзілік соғысардагерлерінекемінде1,5млнтеңгекөлеміндебіржолғыматериалдықкөмек көрсетілді.Жалпыалғанда, 50,1мыңадамға(Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне жәнеЖеңіскеүлес қосқан адамдарға)жергіліктіатқарушыоргандардан3млрдтеңгеқарастырылған.

2024 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының 148 ардагері тұрады. Сондай-ақ, республикада Ұлы Жеңіске үлес қосқан 50 012 азамат бар. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 70 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 149 адам; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар, қайтыс болғандардың жұбайлары – 2 314 адам; Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 47 477 адам.

Көптегенөңірдеардагерлергетөлемдерорташамөлшерденасып түсті:Ақмолаоблысында– 3млнтеңге;Қызылордаоблысында–2,5млнтеңге;Ақтөбеоблысында–2млнтеңгеденастам; Абай,Алматы,Қарағанды,Павлодароблыстарында,АстанажәнеАлматы қалаларында –2млнтеңге алды.ШҚО,БҚО,СҚО, Жетісу,Қостанай,Маңғыстау,ТүркістанжәнеЖамбылоблыстарыныңардагерлері1,5млнтеңгеденалды.

ҰлытауоблысындабүгінгікүніЕкінші дүниежүзілік соғысқақатысушыларқалмаған,ондағы487тылеңбеккері100мыңтеңгеденалды;3адам–бұрынғыкәмелетке толмаған тұтқындар–100мыңтеңгеденалды;15адам–Екінші дүниежүзілік соғыстақаза тапқан жауынгерлердіңжесірлері – 50мыңтеңгеденалды.

Атырау облысында соғыстың бірде-бір қатысушысы қалмаған, ондағы концлагерь тұтқындары мен тыл ардагерлері төлем алды.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылған. Олардың әрқайсысы жеңісі үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тапты, түрлі жарақаттар мен аурулардан қайтыс болды және хабар-ошарсыз кетті. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тұтқыннан 630 мың адам оралмағанын айтады.

Министрліктің мәліметінше, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері артып келеді. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, реабилитацияланған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

2024 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

  • Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары үшін – 239 844 теңге (108 адам);
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде жарақаттану, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 250 125 теңге (40 адам);
  • басқа мемлекеттер аумағындағы (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Египет, Ирак және т.б.) соғыс қимылдарының ардагерлері үшін – 217 348 теңге (26 149 адам);
  • жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 196 861 теңге (3 477 адам);
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер үшін – 151 548 теңге (14 043 адам);
  • Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 161 432 теңге (47 477 адам).

ЕҢ ЖОҒАРЫ ТӨЛЕМ АЛҒАН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық ардагерлері басқа елдермен салыстырғанда Жеңіс күні үшін ең жоғары төлем алды.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Жеңіс күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлемнің ең көп сомасына ие – орташа есеппен 3,8 мың доллар.

Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне төленетін біржолғы төлем 19 856 өзбек сумын (1 569 доллар) құрады. 2023 жылы бұл сома 1 417 долларды құраған.

Тәжікстанда бір реттік төлем төрт мыңнан жеті мың сомониге дейін (365 доллардан 639 долларға дейін) болды.

Қырғызстанда бір реттік төлем 100 мың сомды (1 126 доллар) құрады.

Әзербайжанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Анар Әлиев Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін ай сайынғы жәрдемақы 80 манатқа (47 доллар) дейін көтерілетінін айтты.

Бір реттік төлемдер туралы соңғы деректерді таба алмадық. Алайда, өткен жылы біржолғы материалдық көмек 1,5 мың манатты (882 доллар) құраған. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған немесе кейін қайтыс болған сарбаздардың жесірлері 750 манат (441 доллар) көлемінде жәрдемақы алды.

Түркіменстанда Үкімет Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін ай сайынғы жәрдемақыны көбейтті. 2024 жылы ол 2 070 манатты (592 доллар) құрады.

Біз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлемдер туралы соңғы деректерді таппадық. Алайда, 2023 жылы ол 200 манатты (57 доллар) құраған.

Беларусьте Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушыларына, сондай-ақ 1945 жылдың 3 қыркүйегіне дейін соғыс қимылдарына қатысқан адамдарға біржолғы төлем 4 000 беларусь рублін (1 220 доллар) құрады.

Сонымен қатар, тыл еңбеккерлеріне, қаза болғандардың отбасы мүшелеріне, мүгедектерге және концлагерь тұтқындарына 2 000 және 1 000 беларусь рублі (тиісінше 610 және 305 доллар) төлемдері белгіленді.

Молдовада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар 10 000 лей (562 доллар) көлемінде бір реттік жәрдемақы алды. 5 000 лей (281 доллар) соғыс кезінде оқ-дәрілер мен әскери техниканы жинауға, аумақтар мен нысандарды минадан тазартуға қатысқан адамдарға берілді.

Сонымен қатар, Молдова үкіметі әскери қақтығыстарға немесе техногендік апаттарды жоюға қатысқандарға ай сайынғы жәрдемақыны көбейтті. Сондықтан енді Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар ай сайын 2 050 лей (115 доллар) көлемінде жәрдемақы алатын болады.

Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бір реттік төлем 10 000 рубльді (108 доллар) құрады. Бұл ретте Мәскеуде тұратын ардагерлер жеңілдік санатына қарай қосымша 10 000-нан 25 000 рубльге дейін (тиісінше 108 доллардан 270 долларға дейін) алады.

Аймақтарда қосымша біржолғы төлемдер санатына байланысты 50 000 рубльден – 540 доллардан (Иркутск облысында) 2 000 рубльге – 21 долларға (Тюмень облысында) дейін өзгереді.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Екінші дүниежүзілік соғыс тұтас халықтың жаны мен тәніне өшпес жара салған зобалаң боп тарихта қалды. Қанша жыл өтсе де, оның зардабы ұмытылмайды. Бұл соғыс, әсіресе оны көзімен көрген, бүгінде санаулы болса да қан майданға қатысқан жандардың есінде кеше ғана болғандай анық сақталып қалса керек. Ұрыс кезінде ата-анасынан айырылғандар, тыл ардагерлері мен жарын жер қойнына тапсырған жесірлер құрмет пен көмекке зәру. Мемлекет осыны ескеріп, жыл сайын әлеуметтік көмектің мөлшерін өсіріп келеді. Биылғы Ұлы Жеңістің 79 жылдығында да соғыс ардагерлеріне қомақты қаржы тағайындалды. ТМД елдерімен салыстырғанда, біздің ардагерлерімізге берілген жәрдемақы мөлшері анағұрлым басым екені белгілі болды. Азаттық үшін алысқан, қаны мен терін төккен ардагерлер қандай құрметке де әбден лайық.

Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here