Жаңартылған стадионның салтанатты ашылуы өтті

0
61

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай күрделі жөндеуден өткен стадион пайдалануға берілді. Жаңартылған стадионның салтанатты ашылуына ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейт Түймебаев, ғалым, Хьюстон университетінің профессоры, PhD  Шайкен Тәттім, шетелдік қонақтар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, спортшылар, университет оқытушылары мен білім алушылар қатысты.

Оқу орнының басшысы университет ұжымы мен жастарды құттықтап,  жаңартылған спорттық нысанның оқытушылар мен студенттердің денсаулығы үшін маңыздылығын  атап өтті.

«ҚазҰУ стадионы 1986 жылы салынған болатын. Бүгінде Орталық Азиядағы бірегей университеттік спорт алаңы ретінде ҚазҰУ құрылысының II кезеңі аясында жаңартылды. Жоғары сападағы, заманауи үлгідегі стадион УЕФА мен ФИФА ұйымдарының халықаралық талаптарына сай жасалған. Футбол алаңының жасанды жабындысы мен дренаж жүйесі әлімдегі Топ-3, Орталық Азиядағы Топ-1 талабына сәйкес келеді. Үш мың орындық көрермен трибунасы, киім ауыстыратын бөлме, жуынатын орындар соңғы үлгіде жабдықталған. Спортпен шұғылданушы жастарға жан-жақты жағдай жасалған, осы стадионда әлем чемпиондары жаттығып, жаңа рекордтар жасайтынына сенімдімін», – деді Ж.Түймебаев.

Стадионда  футбол алаңынан бөлек, жүгіру жолақтары, велосипедшілерге және жаяу жүргіншілерге арналған жол,  тренажерлар қосымша қойылған.

Стадион аумағы абаттандырылып, жаңа үлгідегі жарық беретін үлкен шамдар орнатылды.

Салтанатты ашылу рәсімінен соң оқытушылар мен спортшы жастардың қатысуымен футболдан жолдастық кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here