Дархан Қыдырәлі Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

0
850

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті. Шара түркі мемлекеттерінің парламенттік тәжірибесі мен сайлау жүйелерінің даму ерекшеліктерін талқылауға, сондай-ақ сайлау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасуға арналды.

Дархан Қыдырәлі шара барысында «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің парламенттері мен сайлау жүйелері» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сенатор түркі елдерінің парламенттік дәстүрлері, олардың сайлау институттарының ерекшеліктері және өкілді органдардың өзара іс-қимылы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сондай-ақ демократия институттарын дамытуға бағытталған халықаралық тәжірибе алмасудың және Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында депутатқа сайлау үдерісінің мәдениетін арттыру мен азаматтық қоғамның демократиялық негіздерін нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

Кездесу соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров тәжірибе алмасу және Парламент пен сайлау органдары арасындағы диалогты дамыту үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here