Нью-Йорктің жаңа мэрі Құран ұстап ант берді

0
239

Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі ресми түрде қызметіне кірісті. Осылайша, 8,5 млн халқы бар АҚШ-тың ең ірі қаласын алдағы төрт жылда Уганданың тумасы, 34 жастағы Зохран Кваме Мамдани басқаратын болады. Жаңа мэрді ұлықтау рәсімі де ерекше өтті, ол Құран кітабын ұстап тұрып ант берді.

АҚШ тарихындағы алғашқы мұсылман мэр немесе Зохранның танымалдығының сыры неде?

34 жастағы демократ Зохран Мамдани Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр атанды. Инаугурация рәсімі жергілікті телеарналар арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Зохран Мамдани Құранға қолын қойып, алдағы төрт жылдық өкілеттігін адал атқаруға ант берді. Ол мэр қызметіне тағы бір рет үміткер бола алады.

Оның жеңісі қаладағы мигранттарға үміт сыйлады, бұған дейін Мамдани Дональд Трампты антимигранттық саясаты үшін сынап, Израильді Газа секторындағы әрекеттері үшін ашық түрде айыптаған болатын.

Зохран Мамдани сайлаушыларға Нью-Йоркті өмір сүруге қолайлы қала етуге уәде етіп отыр. Атап айтқанда, арзан азық-түлік сататын дүкендер ашып, балаларды тегін медициналық сақтандырумен қамтитынын, қоғамдық көлікті тегін етіп, аз қамтылған тұрғындар үшін тұрғын үйді жалға алу бағасын төмендетемін деген. Ал, Дональд Трамп жаңа мэрді «коммунист» деп атап, егер ол жеңіске жетсе, Нью-Йоркке федералдық қаржы бөлмейтінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Нью-Йорк қаласының мэрі сайлауында Мамдани 50,3 пайыз дауыс жинап қаланың 111-мэрі атанды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here