Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.









