Жапония неге Филиппин теңізіндегі үш кішкентай жартасқа қыруар қаржы жұмсайды?

0
282

Жапонияны жері кішкентай, халқы көп елге теңестіруге болатын шығар. Өйткені, Шығыс Азиядағы аралды мемлекет жер көлемі бойынша әлемде 61-орын алғанымен, халқының саны бойынша 11-орын алады. Бір шаршы шақырымға 332 адамнан келеді. Сондықтан, Күншығыс елі жерге зәру-ақ. Мәселен, Филиппин теңізінде орналасқан Окинотори-сима аралы Жапония үшін аса маңызды мәнге ие. Бұл аралды XVI ғасырдың ортасында Мигель Лопес де Легаспи ашқан. Сол кезде ол бес жартас пен маржан атоллынан тұрды. Аралды ашқан адам оған «Паресе-Вела» деп ат қойды, мағынасы «желкен тәрізді» дегенді білдіреді.

ЖАПОНДАРДЫҢ БҰЛ ЖЕРДІ «АРАЛ» ДЕП САНАУ СЫРЫ

1789 жылы аралға британдықтар тап болды. Өздеріне тән әдетпен, олар алғашқы болып аралды аштық деп болжады. Осыдан кейін аралға өз атауларын беріп, оны «Дуглас-Риф» атады. Жапондар болса аралға алғаш рет 1922 жылы келіп, оларға бұл жер бірден ұнады. 1931 жылы арал үшін үшінші атау бекітіліп, «Окинотори-сима» деп аталды, бұл атау «алыс құс аралдары» дегенді білдіреді. Бұл аймақ Тайвань мен Гуам арасындағы стратегиялық маңызды орында орналасқанын айта кету керек. Сондықтан, жапондар дереу осы жерді бекітуге шешім қабылдап, маяк пен метеорологиялық станция құрылысын бастады. Құрылыс 1939 жылы басталды, бірақ Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан бірнеше жылдан кейін тоқтатылды.

Соғыстан кейін арал Америка Құрама Штаттарына өтті, бірақ 1968 жылы АҚШ оны бейбітшілікке оралған самурай ұрпақтарына қайтаруға шешім қабылдады. «Неліктен бұлай болды?» деген сұрақ туындайды. Әлемде ешбір ел жерді ешқандай себепсіз басқа біреуге бере салмайды ғой?.. Мұның себебі, Окинотори-сима 1982 жылға дейін ешқандай құндылыққа ие болмаған, себебі сол жылы БҰҰ мүшелері теңіз құқығы туралы конвенцияны қабылдады. Бұл құжат, сонымен қатар «ерекше экономикалық аймақтар» (ЕЭА) аталатын жаңа ұғымды енгізді. Бұл аймақтар мемлекетке жағалаудан 200 теңіз миліне (370,4 км) дейінгі су кеңістігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл сулар елдің меншік құқығына өтпейді, алайда мемлекет оларға қатысты бірқатар ерекше құқықтарға ие, соның ішінде табиғи ресурстарды іздеу және өндіру құқығы бар. 

Бүгінгі күні Окинотори-сима XVI ғасырмен салыстырғанда мүлде басқа көрініске ие. Мұхит бетінде тек екі кішкентай жартастың басы ғана көрінеді, ал атоллдың ізін де табу қиын. Бірақ, жапондар үшін бұл жерді «арал» деп санау өте маңызды, себебі бұл оларға үлкен ерекше экономикалық аймақтарға ие болуға мүмкіндік береді. Бұл аймақта балық аулап, сирек металдарды өндіруге, тіпті мұнай алу мүмкіндігі болса, соларды игеруге болады. Ал бұл, өз кезегінде, Қытайдың мүдделерімен, оның ішінде әскери мүдделерімен тікелей қарама-қайшы келеді. Қытай АҚШ-пен гипотетикалық қарулы қақтығыс жағдайын ескеріп, өздерінің суасты қайықтарын қарсы қоятын күшке ие болуды қалайды. Алайда оларға бұл флотты тиімді пайдалану үшін мұхит түбінің картасын жасау қажет, ал бұл Жапонияның ерекше экономикалық аймағында мүмкін емес. Негізінен, қытайлар үшін мұнай да үлкен мәнге ие.

ҚЫТАЙДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Сенкаку аралдарынан айырмашылығы, Бейжің Токионың Окиноториді бақылауын мойындайды. Дегенмен, қытайлықтар оның мәртебесіне дау айтады. Олар бұл жер учаскесі арал емес, жартас деп мәлімдейді, сондықтан оның иесі ерекше экономикалық аймаққа иелік ете алмайды.

Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі Спратли аралдарында, өз жартастарында, дәл керісінше логиканы ұстанып, жартастардың орнына толыққанды аралдар жасап, бүкіл су айдынына құқықтар жариялап жатқаны атап өтіледі.

Сонымен қатар атолл «Екінші және Бірінші арал тізбектері» деп аталатындардың арасында орналасқан. Қытай Әскери-теңіз күштері мен жағалау күзеті айналадағы теңіздерге сенімді болса, Қытай Тынық мұхитындағы күшін зерттеп, сынақтан өткізуді енді ғана бастап жатыр.

Жапония өзінің шалғай аумақтарын белсенді түрде игере бастады. Огасавара аралдарында жаңа әуежай салу жоспарлануда. Ал Окинотори маңында тайфундардың одан әрі эрозиясын болдырмау үшін күшейту жұмыстары жалғасуда, бұл сөзсіз оның ЕЭА құқықтарынан айырылуына әкеледі. 1945 жылдан 1968 жылға дейінгі американдық оккупация кезінде бұл жерде ешқандай жұмыс жүргізілмеді, бұл атоллдың толқындар астында жоғалып кетуіне әкелді.

Егер бұл жер учаскесі арал ретінде сақталса, Тынық мұхитындағы 400 000 шаршы шақырымдық эксклюзивті аймақты қамтамасыз етер еді. Салыстыру үшін, бұл Жапонияның өзінен де үлкен аумақ.

1988 жылы аралда Жапония теңіз ғылымы мен технологиясы орталығы салынды, ол тайфундардан бірнеше рет зардап шеккеніне қарамастан, содан бері сақталып келеді. Қытай Жапонияның осы аймақтағы ерекше экономикалық аймағын жоққа шығара отырып, 2004 жылы осы аймақтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенциясын бұзу деп саналмауы керек деп талап етеді.

Бұл қытайлық көзқарасты 1988 жылы Гавайи университетінің заң профессоры, доктор Джон Ван Дайк қолдады. Ол былай деп жазды: «Окинотори-сима – екі қабатты төсектен үлкен емес екі шығыңқыдан тұрады – өзінің экономикалық өмірін қамтамасыз ете алмайтын қоныстанбаған жартастың сипаттамасына сәйкес келеді. Сондықтан, бұл 200 мильдік ерекше экономикалық аймақ құруға құқық бермейді».

Қытайдың 2004 жылғы сәуірдегі мәлімдемесі Бас министрлер кабинетінің хатшысы Ясуо Фукуданы (2007-2008 жылдардағы Премьер-министр) келесі мәлімдеме жасауға итермеледі: «Қытайдың біздің аралдарымыз жартас деген мәлімдемесі мүлдем қабылданбайды. Біз аралдың айналасындағы аймақта халықаралық және ішкі заңнамаға негізделген ерекше экономикалық аймақ құрдық. Қытай – оны жартас деп мәлімдейтін жалғыз ел».

АРАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ІСІ

2004 жылдың қарашасында және 2005 жылдың наурызында Жапонияның Ниппон қоры, бұрын «Сасагава қоры» деп аталған, Окинотори-симаны қоршаған ерекше экономикалық аймақтың пайдаланылуын анықтау үшін зерттеуге миссия жіберді. Миссияға халықаралық құқық, маржан рифтері, экология және құрылыс саласындағы сарапшылар кірді.

Зерттеуде мыналар ұсынылады: маяк салу, аралды нығайту және жақсарту үшін маржан отырғызу, жасанды рифтерді дамыту, мұхит негізіндегі электр станцияларын салу, теңіз түбінің минералды ресурстарын зерттеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, портты және тұрғын үйді құру және теңіз зерттеулері мен туризмін дамыту.

Аралдағы маяк бүкіл әлем карталарында Окинотори-сима ретінде белгіленеді және оның болуы Жапонияның позициясын нығайтады. Маржан рифтерін өсіру «аралдың» кеңеюіне мүмкіндік береді, тіпті жаһандық жылыну салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуіне қарамастан, және адамдардың тұруына орын береді. Жапония импорттайтын литий өндіру зауыты да жоспарлануда.

Бірінші миссияның нәтижелеріне сүйене отырып, ең перспективалы жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жүргізу үшін екінші миссия жіберілді: электр энергиясын өндіру және маяк салу.

Ниппон қорының жұмысынан шабыттанған Токио губернаторы Шинтаро Ишихара 2005 жылдың мамыр айында аралға барды. 6 маусымдағы «Санкей Шимбун» газетінде ол Жапонияның 1932 жылдан бері Окинотори-симаның болашақ дамуына инвестиция салып келе жатқанын, оның ішінде аралда адамдардың тұруын қамтамасыз ету және қолдау үшін 85 миллиард иен (шамамен 740 миллион доллар) инвестиция салғанын жазды. Бұл тарихи фактілерді БҰҰ Конвенциясы бойынша жоққа шығаруға болмайды. 2005 жылдың сәуірінде губернатор Ишихараның өтініші бойынша жапон кемесі аймаққа балық аулау үшін кірді, бұл аймақта «экономикалық өмірдің» бар екенін көрсетті. Жапония маяк салу туралы шешім қабылдады. Ишихара «аралда» мекенжайы бар бақылау станциясын орнату үшін радар орнатуға 330 миллион иен бөлді.

2007 жылдың мамыр айында теңіз биологтары Окинава аралындағы зертханада аралдардың жанына жасанды түрде өсірілген алты маржан колониясын отырғызды. Маусым айында тағы тоғыз колония отырғызу жоспарланған. Отырғызылған кезде әрбір колония саусақ ұшындай болды, бірақ егер жапондықтар үміт еткендей маржандар тамыр жайып, өсіп-өнсе, онда ондаған мың маржанды Окинотори-сима маңына отырғызуға болады.

Жапонияның Балық шаруашылығы агенттігінің қызметкері Кенджи Мияджи бұл жобаның жаңалығын және идеяны жүзеге асыруға болатынын көрсететін зерттеулердің жоқтығын мойындады. «Біз үмітсіз жағдайдамыз. Бірақ маржандар көптеген балықтарды тартады және жағалау эрозиясының алдын алады»», – деп мойындады Мияджи Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Окинотори-сима аралы объективті түрде, яғни тек мүдделі тараптардың тілектерін ескермей, арал деп санала ала ма? Әрине, жоқ. БҰҰ-ның теңіз құқығы бойынша конвенциясы аралды табиғи құрлық учаскесі ретінде анықтайды, ол су астында қалып, толқын кезінде оның үстінен су өтеді. Ал жартастар, керісінше, қоныстануға немесе экономикалық қызметке жарамсыз құрылымдар ретінде сипатталады. Олар өзіне ерекше экономикалық аймақты немесе континентальды қайраңды талап ете алмайды. Окинотори-симаға өмір сүру немесе шаруашылық жүргізу мүмкін еместігін тексеру оңай – тек аралдың суретіне қарасаңыз жеткілікті.

Алайда бұл жапондарды тоқтата алған жоқ. Олар осы екі жартастың айналасына әлемді сендіру үшін орасан қаржы жұмсады. 1987 жылы Окинотори-сима жартастары одан әрі эрозиядан қорғау үшін болат һәм бетонмен нығайтылды. Бір жылдан соң мұнда ғылыми-техникалық орталық салынды. Дегенмен бұл орталық тікелей жартастарда емес, жақын жердегі тіреулерде тұрғызылды, себебі жартастар оған жарамсыз еді. Ақырында, БҰҰ конвенциясы жасанды және табиғи аралдарды құқықтары бойынша теңестірмейтінін біле тұра, жапондар үшінші құрлық учаскесін салуды бастады. Бүгінгі күнге дейін жұмсалған барлық шығын 600 миллион долларға бағаланады. Ал болашақта бұл сома сөзсіз артады.

Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here