Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз жолға шығады

0
152

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл шара мереке кезінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, мереке күндері пойызбен сапар шегетін жолаушылар саны күрт артады. Осыған байланысты сұранысы жоғары бағыттарда 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындалды. Сонымен қатар, қолданыстағы пойыздардың құрамына 230-ға жуық тіркеме вагон қосылып, қосымша орындар саны арттырылады.

Қосымша пойыздардың қозғалысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

  • №201/202 Алматы-2 – Астана-1: Алматыдан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда, Астанадан 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурызда. Барлығы – 6 рейс.
  • №204/203 Астана Нұрлы жол – Шымкент: Астанадан 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурызда, Шымкенттен 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурызда. Барлығы – 8 рейс.
  • №205/206 Ақтөбе – Астана Нұрлы жол: Ақтөбеден 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурызда, Астанадан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда. Барлығы – 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here