Мемлекеттік рәміздерді қорғау: әлемдік тәжірибе

0
573
Бұл фото Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілуі мүмкін. Атырау облыстық полиция департаменті қазір суретке түскендер анықталғанын хабарлады.

Әлемде әр елдің Конституциясына, мемлекетке, ресми мемлекеттік рәміздерге, қоғамға «әдепсіз түрде ашық құрметсіздік» білдіретін материалдарды интернетте тарату үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізетін заң жобасы енгізілді.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығы әртүрлі континенттерден ең қызықты мысалдарды көрсете отырып, мемлекеттік институттар мен рәміздерді заңнамалық қорғау бойынша халықаралық тәжірибені зерттеді.

Мысалы, Израильде Мемлекеттік Туға зиян келтірсе, 3 жылға дейін түрме жазасы және 60 мың шекел айыппұл салынады.

Испанияда Туды қорлағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

Молдовада ескі туды қоқысқа тастаған адам бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 50 мың лейге дейін (220 сағат жұмыс көлемінде) айыппұл төлеуі мүмкін.

Украинада Мемлекеттік Туға құрметсіздік жасау – қылмыстық іс. Айыппұл мен алты айға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ұлыбританияда Заң нақты жазаны көздемейді, бірақ туға зиян келтірген адам жауапқа тартылуы мүмкін.

АҚШ-та Мемлекеттік Туын көпшілік алдында өртеуге тыйым 1989 жылы ғана заңмен бекітілген.

Мексикада Туды қорлау қылмыс болып саналса, Түркияда Туды қорлағаны үшін ауыр жаза қарастырылған. Сонымен қатар, Түркия басқа елдерде де осындай оқиғаларды құлшыныспен бақылайды.

Ирландияда «Мемлекеттік Туды дұрыс пайдаланбау» Үкімет тарапынан мақұлданса, Германияда  «Еуропалық одақтың Туы мен Гимнді қорлағаны үшін» 3 жылға дейін түрмеге қамалады.

Эстонияда Туды қорлағаны үшін ақшалай өндіріп алу немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, Ресейде Елтаңбаны немесе Туды қорлау 1 жылға дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Әзербайжан елінде Туға немесе Елтаңбасына қатысты қорлау әрекеттеріне байланысты өзіндік ережелері бар. Елтаңбаға қатысты қорлау әрекеттері екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзбекстанда Мемлекеттік рәміздерді қорлау 8,2 миллион сумға (0,000676 $) дейін айыппұлмен немесе 360 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстармен немесе үш жылға дейін түзету жұмыстарымен жазаланады.

Қырғызстанда Туды, Елтаңбаны және Гимнді қорлауға кінәлі адамдар: жеке тұлғалар үшін 3 мың сомды (34,32 $), заңды тұлғалар үшін – 13 мың сомды (148,70 $) төлеуге міндеттелген. Сондай-ақ, 2023 жылы рәміздерді дұрыс пайдаланбағаны үшін айыппұл салу ұсынылды.

Беларусьте Мемлекеттік рәміздерді қорлау (жазулар, белгілер қою, таптау, зақымдау немесе кез келген тәсілмен жою) үшін айыппұл, екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, қамауға алу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алуға болады.

Арменияның Елтаңбасын, Туын, Гимннің, сондай-ақ басқа мемлекеттің рәміздерін қорлау екі жылдан аспайтын мерзімге түзеу жұмыстарымен не бір айдан үш айға дейінгі мерзімге қамауға алумен не бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Молдова Республикасының Мемлекеттік Туы туралы заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №217 Заңның 4-бабында көзделген. Осы құжатқа сәйкес, Туды бұзушылықпен пайдалану, сондай-ақ оны қорлау (мысалы, ластану, бояу, жазулар, суреттер салу, өртеу, таптау, дастархан ретінде пайдалану, орындық жамылғысы, перделер және т.б.) заңнамада белгіленген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін, оның ішінде Туды бүлдіргені немесе қасақана жойғаны үшін қылмыстық жауаптылық Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 342-бабында көзделген.

Қазақстанның тәжірибесіне келсек, біздің елімізде Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны немесе Гимнді қорлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына сәйкес:

  • 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл;
  • сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделеді.

Қылмысқа 16 жастан бастап жауапкершілік қарастырылған.

Биылғы жылдың қаңтар айында Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзекті мәселелердің ішінде мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланудың  маңыздылығына айрықша  тоқталып: «Отаншылдық – Отанға деген сүйіспеншілік. Бірақ, жауапкершілігіңді сезіп, парызыңды өтеу маңызды. Мемлекеттік рәміздерді жеңіл-желпі пайдалану, заң талабын орындамау қате. Құрмет көрсету әр азаматтың міндеті», –  деген болатын.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қадірлеу – патриотизмнің белгісі. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – елдің тәуелсіздігі мен бірлігін бейнелейді. Оларды қорғау мен дұрыс пайдалану – әрбір азаматқа парыз.

Руслан ХАМЗА,
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау
жөніндегі ұлттық орталығының
атқарушы директоры.

Атырау қаласы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here