Қазақстан Қорғаныс министрі Астанада ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді

0
102

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковпен кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қорғаныс министрі Ұйымның Қазақстанда ғана емес, тұтастай алғанда, өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер жағдайында ұжымдық ден қою тетіктерінің өзектілігін алға тартты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here