Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосады

0
740

Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді басқару» білім беру бағдарламасын бірлесіп іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою университеттің мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ практикаға бағдарланған білім беруді дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар университеттің академиялық әлеуеті мен Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кәсіби тәжірибесін біріктіруді жоспарлап отыр. Білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруге, басқарушылық және цифрлық құзыреттерді дамытуға, мемлекеттік процестерді цифрландыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік корпорация өкілдері қонақ дәрістерін, практикалық сабақтар мен кәсіби кездесулерді өткізуге қатыса алады. Бұдан бөлек, білім алушылар үшін кәсіптік практикадан өту және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың нақты процестерімен танысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген.

Меморандумды іске асыру мемлекеттік басқару жүйесі мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болмақ.

Esil University серіктес ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, білім беру процесінің практикамен байланысын нығайтуда және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер жасауда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here